Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен оқу жылының аяқталуы, каникул кезінде оқушылардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру мәселелері талқыланған Үкімет отырысы өтті.
Күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты бірқатар тапсырма жүктелді. Басқосуға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режимде қатысты. Өңірімізде оқу жылының аяқталуы, жазғы каникул кезінде балалардың сауықтыру демалысын ұйымдастырудың арнайы кешенді жоспары бекітілген. Оған сәйкес, тиісті ұйымдастыру-дайындық жұмыстары жүргізілуде. Биылғы оқу жылын 339 мектепте (300 мемлекеттік, 39 жекеменшік) 184 924 оқушы аяқтайды, 172 116 оқушыны жазғы демалыспен қамту жоспарлануда.
Аймақта қала сыртында орналасқан 8 лагерьде, орталықтарда 7 ауысымда 7 мыңнан астам бала демалыспен қамтылады. Бүгінде лагерьлерде ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталып, материалдық-техникалық жабдықтары жаңартылды.
Бұдан бөлек, «Қазақстан халқына» қорының демеушілігімен 766 оқушы Түркістан, Ақмола облыстарында, 4 583 оқушы демеушілер мен кәсіподақтар есебінен Алматы, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласындағы сауықтыру лагерьлерінде тынығады.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!