Сейсенбі, 03 желтоқсан, 22:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96-2106
03.12.2024
PDF мұрағаты

Оқушы, студенттермен прокурор сағаты өткізілді

16.11.2023

465 0

Қызылорда қалалық прокуратура тарапынан облыстық орталықта орналасқан барлық орта, орта арнаулы, жоғары оқу орындарында прокурор сағаты өткізілді.
Кездесу барысында прокурорлармен синтетикалық есірткі заттары мен оларға байланысты туындайтын қиындықтар, салдары мен жауапкершілік, ағзаға тигізетін кері әсері мәселелері көтерілді.
Қатысушылар назарына есірткі қылмыстарына байланысты қарастырылған жазалау мерзімдері, баулу әдістері, түрлері, таралу жолдары мен «кепілгер» болып есірткі қойып кетуші жұмыс жасауға тарту әдістері туралы бейнеролик ұсынылды.
Прокуратура қызметкерлері жастар мен жасөспірімдерді өз өмірлеріне балта шаппай дұрыс жолмен жүруді, уақытылы есірткіге «жоқ» деп айтуды, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытты тиімді өткізуге шақырып, қажет болған жағдайларда «Сенім» телефондарына хабарласуға болатынын ескертті.
Кездесулер соңында қатысушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, жауабын алды

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: