Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуінің қорытындысы бойынша президенттер бірқатар құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Атап айтқанда, қол қойылған құжаттар төмендегідей:
1. Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуінің қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдемесі;
2. Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 2027-2028 жылдар аралығында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қырғыз Республикасының кандидатурасын ұсыну бойынша БҰҰ-ға мүше елдерге үндеуі;
3. Әзербайжанды Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуінің толық құқылы қатысушысы деп тану туралы шешім.
Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бірлескен мәлімдемесіне сәйкес мынадай құжаттар қабылданды:
1. Орталық Азиядағы өңірлік қауіпсіздік, тұрақтылық және орнықты даму тұжырымдамасы;
2. Орталық Азиядағы қауіпсіздік тәуекелдері мен олардың алдын алудың 2026-2028 жылдарға арналған тізбесі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
