Атырауда отшашу салдарынан тұрғын үйдің сыртқы қабырғасы өртенді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарайды.
Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келді. Олар тұрғындарды эвакуациялап, ғимаратты қоршауға алған.
Кейін Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев Instagram желісіндегі парақшасында өрттің сөндірілгенін хабарлады.
«Өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына отшашу себеп болған», – деді ол.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!