Жаңа жыл қарсаңында жаппай отшашу шашатын кез жақындап келеді. Алайда елімізде отшашуды арнайы талапқа сай атпаған жандар жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полиция және төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Алматы коммуникациялар қызметінің брифингінде отшашуларды пайдалану ережелері, сондай-ақ оларды бұзғаны үшін қандай жаза болатынын айтты.
Отшашуларды іске қосу кезінде қазақстандықтар сақтауы тиіс бірінші шарт қолайлы орынды таңдау. Бұл тұрғын үйлерден кемінде елу метр қашықтықта орналасқан бос учаскелер болуы керек. Сондай-ақ, бұл жерде ағаштар, электр желілері мен басқа да кедергілер болмауы керек.
Әкімшілік кодекстің 436-бабына сәйкес пиротехникамен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзса, орынсыз жерде қолданса 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), яғни 73 840 теңге немесе 2025 жылы 78 640 теңге мөлшерінде айыппұл салынады. Бұл жағдайда барлық отшашулар тәркіленеді.
Мына талаптарды орындау керек:
- отшашуларды терезеден атуға болмайды;
- отшашуларды іске қосуға балаларды жіберуге болмайды;
- желді ауа-райында отшашуларды іске қосуға болмайды;
- атылмаған отшашуды қайта жағуға тырыспаңыз;
- пиротехниканы ғимараттарға бағыттамаңыз.
Бұл ретте қазақстандықтарға пиротехниканы таңдауға жауапкершілікпен қарау керек екенін еске салынды.
- Біріншіден, сатушылардан сертификаттар мен сатуға лицензия талап ету керек. Пиротехниканы құжаттарсыз өткізгені үшін 25 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған, яғни 92 300 теңге, 2025 жылы 98 300 теңге.
- Екіншіден, бұйымдардың жарамдылық мерзімін және қаптаманың тұтастығын тексеру қажет;
- Үшіншіден, мамандандырылған дүкендерден сатып алу керек.
Барлық ережелер мен сақтық шараларын сақтаған қазақстандықтар жаңа жыл қарсаңында салюттерді еркін ата алады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!