Жұма, 10 сәуiр, 14:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№25 (2237)
07.04.2026
PDF мұрағаты

Пайдалануға берілген нысандар халыққа үздіксіз әрі сапалы қызмет көрсетуде

08.04.2026

108 0

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін аймақ басшысының тапсырмасымен облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен барып, елді мекендердегі жол құрылысы, пайдалануға берілген және қайта жаңғыртудан өткен ғимараттардың қазіргі жай-күйімен танысты.

Пайдалануға берілген нысандар халыққа үздіксіз әрі сапалы қызмет көрсетуде

Алдымен Аққұм ауылдық округіне аялдап, жол құрылысы жұмыстарының нәтижесін көрді. Мұнда 2023-2024 жылдары 457,1 млн теңгеге 10 көше күрделі жөндеуден өткен болатын.
«Ауыл – ел бесігі» жобасымен 2022 жылы 140,0 млн теңгеге салынған Таң ауылдық округіндегі дәрігерлік амбулаторияның, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасымен өткен жылы пайдалануға берілген Қаракеткен ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның жұмысы да назардан тыс қалмады.

Пайдалануға берілген нысандар халыққа үздіксіз әрі сапалы қызмет көрсетуде

Ал Жалағаш кентіндегі Мемлекет басшысының тапсырмасымен және аймақ басшысының қолдауымен бой көтерген «Руханият орталығына» бүгінде музей, кітапхана, архив, неке қию залы, сондай-ақ ардагерлер мен аналар кеңесі, жастар орталығы, азаматтық қоғам өкілдері, тарихи-мәдени ұйымдар біріккен.

Былтыр Жалағаш ауданында әлеуметтік жағынан осал топ санатындағы 111 отбасыға жаңа баспана кілті табысталған болатын. Облыс әкімінің бірінші орынбасары осы тұрғын үйлерді де көріп шықты.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: