Жексенбі, 29 наурыз, 19:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№22 (2234)
28.03.2026
PDF мұрағаты

Парламент депутаттары құрылыс нысандарындағы жұмыс барысымен танысты

29.03.2026

47 0

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Ергешбаев, Мархабат Жайымбетов, облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов, қала әкімі Нұржан Ахатов Қызылордадағы құрылыс нысандарын аралады.

Парламент депутаттары құрылыс нысандарындағы жұмыс барысымен танысты

Алдымен сол жағалаудағы 300 төсектік көпбейінді аурухана және тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты. Бір ауысымда 100 келушіні қабылдайтын емхана және 100 төсекке арналған онкологиялық бөлімшесі қарастырылған нысан 10 блоктан тұрады. Онда емхана, қабылдау, операциялық, реанимация, химиотерапия, радиология бөлімдері, әкімшілік, тамақтандыру және конференц залдары орналасады. 54,3 млрд теңгенің жобасын «Мелиоратор» серіктестігі жүзеге асыруда. Қазіргі таңда монолит жұмыстары аяқталып, кірпішін қалау, инженерлік жүйелерді жүргізу жалғасуда. Құрылыс алаңында 300-ге жуық жұмысшы және 18 техника жұмылдырылған.

Парламент депутаттары құрылыс нысандарындағы жұмыс барысымен танысты

Сол жағалаудағы әрқайсысы 60 пәтерлік 10 тұрғын үйдің құрылысы да қарқынды. Жобаға 11,3 млрд теңге бөлінген, 5 қабатты 7 үй және 9 қабатты 3 үй салынуда.

Парламент депутаттары құрылыс нысандарындағы жұмыс барысымен танысты

Әрі қарай Президент паркіндегі 9 қабатты 15 тұрғын үй, Ботаникалық бақ және балалар лагері , Rixos бес жұлдызды қонақүйінің құрылыс алаңына барды.

Бүгінде 9 қабатты 15 тұрғын үйді «Мелиоратор» серіктестігі 8,2 гектар аумаққа салуда. Қүрылыс біткенде 945 пәтер пайдалануға беріледі. Оның 135-і бір бөлмелі, 540-ы екі бөлмелі және 270-і үш бөлмелі пәтер.

Парламент депутаттары құрылыс нысандарындағы жұмыс барысымен танысты

Ботаникалық білім беру орталығының құрылысын «Alem Qurylys AQ» серіктестігі қолға алған. Орталық экологиялық білім беруге әрі демалысқа арналған.

300 орындық балалар лагерінің жобасы бойынша әкімшілік ғимарат, event-аймақ, 4 тұрғын корпус, қонақүй үлгісіндегі шағын ғимарат, 5 киіз үй, ашық бассейн, стадион, сахна, өзге де демалыс және техникалық нысандар салу көзделген.

«Қызылорда Арена» спорт кешенінің де құрылысы жалғасуда. Жобаның құны 20 млрд теңгеден асады. Кешенде олимпиадалық бассейн, спорт алаңдары және 150 орындық конференц-зал болады. Қазір мұнда 214 адам жұмыс істейді, инженерлік желілердің 90%-ы дайын.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: