Жексенбі, 22 наурыз, 23:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№21 (2232)
22.03.2026
PDF мұрағаты

Парламент депутаттары жақында ашылған Президент саябағында болды

22.03.2026

54 0

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Наурыз мерекесінде Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев жақында ашылған Президент саябағына барды.

Парламент депутаттары жақында ашылған Президент саябағында болды


Қала тұрғындары мен қонақтарының демалысын, бос уақытын тиімді өткізуі үшін қайта салынған саябақ алыстан көз тартады.
Мұнда заманауи субұрқақтар, амфитеатр, спорт, ойын, би, шахмат, баскетбол, футбол алаңдары, биіктігі 50 метрлік айналмалы шолу дөңгелегі, велосипед және жүгіру жолақтары, санитарлық пункттер орнатылған. Жалпы 31 гектарға 2 мыңнан астам ағаш, 50 мыңнан астам сәндік бұта және 17 түрлі көпжылдық гүл егілді.

Парламент депутаттары жақында ашылған Президент саябағында болды

Сонымен қатар бұл аумақта бірқатар ірі жоба қолға алынған. Атап айтқанда, 300 орындық заманауи балалар лагері, Ботаникалық білім беру орталығы, тоғыз қабатты 15 тұрғын үй, 200 төсектік жаңа перинаталдық орталық салынуда.
Алдағы уақытта жаңа драма театр мен заманауи Президенттік кітапхананың құрылысы басталмақ.

Парламент депутаттары жақында ашылған Президент саябағында болды

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: