«AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Жастарға арналған «Сыр жастары» жеңілдетілген ипотекалық кредит беру бағдарламасы шеңберінде Қызылорда қаласында жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жайлы;
«Жасыл ел» еңбек жасақтарын ұйымдастыру туралы мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша облыстық Қоғамдық даму басқармасының басшысы Есмаханов Алмасбек баяндады.
Өздеріңізге белгілі, аймақ басшысының қолдауымен өңір жастарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету және жас отбасыларды қолдау мақсатында «Сыр жастары» Қызылорда облысының жастарына жеңілдетілген ипотекалық несие беру бағдарламасы қабылданды.
2023 жылы Бағдарламаны жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен
1 200,0 млн. теңге, «Отбасы банк» АҚ тарапынан 500 млн. теңге қаржы бөлінді (барлығы 1 700,0 млн. теңге).
Өткен жылы тұрғын үй құрылысының аз болуына байланысты пәтерлерді табыстауға мүмкіндік болмады. Дегенмен, осы жылдың мамыр айында 60 жас отбасы баспаналы болды.
Қалған 40 пәтер бойынша «Отбасы банктің» облыстық филиалымен Қызылорда қаласы, Бименді Баймаханов 48А мекенжайында салынып жатқан 40 пәтерлік тұрғын үй мердігерімен келіссөз жүргізілуде.
Ал, 2024 жылға облыстық бюджеттен 1 200,0 млн. теңге қарастырылған болатын. Алайда, тұрғын үй құрылысының аз болуына байланысты қаржы бюджетке кері қайтарылды. Дегенмен, Басқарма тарапынан Бағдарламаның Ережесіне екінші кезектегі үйлерді алуға мүмкіндік жасау бойынша өзгеріс ұсынып отырмыз,-деді Алмасбек Әбілқасымұлы.
Аталған мәселе бойынша Отбасы банк Қызылорда филиалының бөлім басшысы Құттықов Шыңғыс: Отбасы Банк АҚ соңғы бірнеше жыл көлемінде еліміздің кейбір өңірлерлінде жергілікті атқарушы органдармен бірлесе азаматтарды баспанамен қамтудың стандартты бағдарламаларына балама бола алатын «Өңірлік ипотекалық бағдарламаларды» сәтті жүзеге асырып келе жатыр. Атап айтатын болсақ, олар:
«Алматы жастары» -бағдарлама құны 20 млрд теңгеден астам.
«Елорда жастары»- бағдарлама құны 6 млрд теңге.
«Әулиеата жастары»- бағдарлама құны 2 млрд теңге.
Әріптестеріміздің ЖАО бірлесе іске асырып жатқан осындай тиімді тәжірбиесін пайдаланып, өңіріміздегі жастардың баспана мәселесін шешу үшін Банктің Қызылорда филиалы да облыс әкімдігімен бірлесе «Сыр жастары» деген атаумен өңірлік ипотекалық бағдарламаны бірлесе жүзеге асыруға ұсыныспен шықты. Аталған ұыныс облыс басышысы мен облыстық маслихат депутаттары тарапынан қызу қолдауға ие болып, түрлі басқосу жиындардан соң бағдарламаның шарттары мен бюджеті нақтыланып, маслихат сессиясында бекітілді,-деп пікір білдірді.
Аталған мәселе бойынша Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері жастарға берілетін пәтер санын арттыруға сессия отырыстарында ұсыныс беріп, қала жастарына қолайлы жағдай жасау мәселесін талқылады.
Ал күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша баяндама жасаған Алмасбек Әбілқасымұлы: Басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жыл сайын тұрақты түрде «Жасыл ел жастарды көркейту, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына тарту» жобасы жүзеге асырылып келеді.
Биыл әлеуметтік жоба арқылы маусым-тамыз айларында
16-35 жас аралығындағы түрлі санаттағы (оқушы, студент, жұмыссыз)
1 200 жас маусымдық жұмыспен қамтылып, 100 мың теңге мөлшерінде еңбекақылары өтеледі.
Сондай-ақ, сарбаздар қажетті экипировкамен қамтамасыз етіледі.
Облыстық штабтың жұмысын ұйымдастыру үшін жоба аясында қосымша 8 маман жұмысқа қабылданды.
2024 жылғы 3 маусым күні жасылелдіктердің еңбек маусымы басталды. Алғашқы айда 300-ге жуық жас жұмысқа жолданды.
Облыс бойынша бекітілген квота саны 1 871 жас болса, оның ішінде Қызылорда қаласына бөлінген квота 280 жас. Алғашқы айда қамтылған жастар саны аз болуы оқу процестеріне (емтихан, сессия) байланысты.
Шілде-тамыз айларында жоспарланған көрсеткіштерге толықтай қол жеткізілетін болады,-деді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!