Бейсенбі, 02 қазан, 13:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№74, 2186
30.09.2025
PDF мұрағаты

Павел Дуров: Жасанды интеллект – алтын дәуірдің бастауы

02.10.2025

43 0

Фото: Ақорда

Астанада өтіп жатқан Digital Bridge 2025 халықаралық форумы әлемнің түкпір-түкпірінен келген технология саласының үздік сарапшыларын, кәсіпкерлер мен саясаткерлерді бір алаңға жинады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Негізгі спикерлердің бірі – Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров. Ол өз сөзінде жасанды интеллекттің қоғамға түбегейлі ықпал ететінін және жаңа «алтын дәуірдің» қозғаушы күшіне айналатынын атап өтті.

Дуровтың айтуынша, ЖИ тек тәуекелдерді ғана емес, сонымен бірге зор мүмкіндіктерді де алып келеді.

Жасанды интеллект қоғамның құрылымын түбегейлі өзгертеді. Бұл мәселеге екі түрлі қырынан – қорқыныш тұрғысынан да, сенім тұрғысынан да қарауға болады. Бірақ бизнес көшбасшыларымен, мемлекеттік органдар мен университет өкілдерімен сөйлескенімде, қазір үміт пен жігердің әлдеқайда басым екенін байқаймын. Әрине, ЖИ бізге көптеген сын-қатер тастайды, бірақ соларды дәл осы технологияның көмегімен еңсеруге болады, – деді ол.

Сонымен қатар Павел Дуров дұрыс бағыт ұстанған жағдайда адамзат жаңа деңгейге көтерілуге дайын екенін атап өтті.

Бұл – барлығы үшін молшылықтың алтын ғасыры болмақ. Бірақ ол үшін біз жан-жақты еңбектеніп, инвестиция құйып, осы үдерісті терең ой елегінен өткізуіміз қажет. Алдағы бірнеше жылда көп нәрсе бүкіл әлем қауымдастығының сөзден іске көшуіне байланысты болады, – деді Telegram негізін қалаушы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: