Мемлекет басшысының жарлықтарымен бірқатар дипломатиялық тағайындаулар бекітілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі, сондай-ақ Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Мадияр Меңілбеков енді Бахрейн Корольдігіндегі елші қызметін қоса атқарады, – делінген Ақорда хабарламасында.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Жан Ғалиевке Конго Республикасындағы елші қызметін қоса атқару өкілеттігі берілді.
Бұл шешім Қазақстанның сыртқы саясатындағы ынтымақтастық аясын кеңейтіп, аталған елдермен дипломатиялық байланыстарды нығайтуға бағытталған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
