Жексенбі, 13 сәуiр, 01:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№26,2139
12.04.2025
PDF мұрағаты

Президент кеңесшісі мәдениет және медицина саласының өкілдерімен кездесті

12.04.2025

93 0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгін Ұлттық құрылтайдың IV отырысындағы тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша ҚР Президентінің кеңесшісі М.Отарбаев Сыр өңірінің мәдениет және медицина саласы өкілдерімен келелі кездесу өткізді. Маңызды басқосуда өнер өкілдері мәдениет саласында өңірде 2024 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып, өз ұсыныстарын жеткізді.

Естеріңізге салайық, Ұлттық құрылтайдың алғашқы алқалы жиыны ұлт ұясы — Ұлытауда, екінші басқосу түркі бесігі – Түркістанда, үшінші жиын Жайық жағасындағы Атырау атырабында, ал төртінші жиын Көкше баурайындағы Бурабайда өтті. Төрт отырыста да еліміздің дамуына серпін беретін, қоғамның еңсесін тіктейтін маңызды бастамалар көтерілді. Емен-жарқын талқылаулар болды. Келесі Құрылтайдың Қызылорда қаласында өтуі шаһардың тарихи маңызды белесімен тұспа-тұс келіп отыр. Биыл Сырдың бас шаһары Қызылорда қаласының ел Астанасы болғанына және «Қазақ» атауының қайтарылғанына 100 жыл толды. Осы ретте Құрылтайдың келесі отырысын Сыр бойында өткізудің саяси-экономикалық маңызы өте зор.

Бүгінгі басқосуда Мәлік Нұржанұлы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысынан бөлек, Ұлттық Құрылтайдың кезекті отырысын Сыр өңірінде өткізудің мән-маңызына тоқталып өтті. Келелі жиында қоғамдық мәдениет саласына басымдық беру, тәрбие процесіне ерекше көңіл бөлу және Тәрбие кодексін әзірлеу сынды мәселелер қозғалды. Сонымен қатар, жиында арнайы баяндамалар тыңдалып, Призидент кеңесшісі бірқатар сауалдардың оң шешімін табу жолдарын ортаға салды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: