Сейсенбі, 20 қаңтар, 17:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№4 (2216)
17.01.2026
PDF мұрағаты

Президент Қазақстан тарихына арналған жаңа жеті томдық қашан дайын болатынын айтты

20.01.2026

77 0

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Қазақстанның академиялық тарихы бойынша көлемді жеті томдық шығарылады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V отырысында айтты, – деп хабарлайды KAZINFORM

Президент жалпы түркі өркениетін зерттеуге көп көңіл бөлініп жатқанын, осы орайда қыркүйек айында ресейлік әріптестермен және басқа елдердің өкілдерімен бірге «Алтай – түркілердің атақонысы» тақырыбында халықаралық конференция өткізуді жоспарланып отырғанын мәлім етті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы бес жыл бұрын «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында заманауи ғылыми тәсілдерді қолдана отырып, еліміздің жаңа академиялық тарихын даярлау міндетін қойғанын айтты. 

– Жыл соңына қарай бұл ауқымды және іргелі зерттеу жұмысы аяқталып, Қазақстанның академиялық тарихы бойынша көлемді жеті томдық шығарылатын болады, – деді Президент. 

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев бұл еңбек мемлекеттілігімізді нығайтуда маңызды үлес қосатынын айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: