Ұлттық құрылтайдың V отырысы 20 қаңтар күні Қызылордада өтеді. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі — Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram парақшасында хабарлады, – деп хабарлайды KAZINFORM
— Сыр бойындағы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады, — деп жазды Руслан Желдібай.
Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары:
2022 жылы — Ұлытауда;
2023 жылы — Түркістанда;
2024 жылы — Атырауда;
2025 жылы — Бурабайда өтті.
Осыдан бұрын бүгін Қызылордада Ұлттық құрылтайдың секцияларының отырысы басталатынын жазған едік.
Сонымен қатар бұған дейін Ұлттық құрылтай аясында қандай заңдар қабылданғанына шолу жасадық.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
