Дүйсенбі, 10 қараша, 17:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№85 (2197)
08.11.2025
PDF мұрағаты

Президентке Сыр елінің зиялы қауымы алғыс айтып, хат жолдады

10.11.2025

42 0

Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келіп, аймақтың дамуына серпіліс берген жобалармен танысты.

Президентке Сыр елінің зиялы қауымы алғыс айтып, хат жолдады


Сыр жұртшылығы Президентіміздің бірлік пен тұрақтылыққа, халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бастамаларын қолдап келеді.
Аймақтағы игілікті істердің жүзеге асуына ерекше қамқорлық көрсеткенін жақсы біледі. Өйткені саяси-экономикалық реформалардың нәтижесі Қызылорда облысының бүгінгі даму серпінінен анық байқалады.

Президентке Сыр елінің зиялы қауымы алғыс айтып, хат жолдады


Мемлекет басшысының өңір жұртшылығымен кездесуде айтқан әлемдегі ахуал, су тапшылығы, жастар тәрбиесі, жасанды интеллект дәуірінің жаңашылдықтарын пайдалану туралы пайымдары баршаға ой салды. Әсіресе, Астана мен Алматы қалаларындағыдай тәулік бойы қызмет көрсететін үшінші Президенттік кітапхананы Қызылорда қаласында салу туралы бастама жұртшылықты қуанышқа кенелтті. Президенттің:


«Облыс жалпы жақсы дамып келе жатыр. Қарқыны жоғары»,- деген оң бағасы ынтымағы мен бірлігі жарасқан Сыр халқының мерейін өсірді.

Президентке Сыр елінің зиялы қауымы алғыс айтып, хат жолдады


Сапардан соң, қызылордалықтар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлына хат жолдап, алғыс білдірді.


«Сізге барша Сыр жұртшылығы атынан шынайы алғысымызды, зор ризашылығымызды білдіреміз.
Әділетті, Қуатты, Таза Қазақстанды құру жолындағы барлық бастамаларыңызды қолдаймыз!
Тәуелсіз еліміздің дамуына бағытталған тарихи миссияңызға мол жетістік, мықты денсаулық және сарқылмас жігер тілейміз!»- делінген хатта.

​Сыр жұртшылығының атынан жолданған алғысты жеткізгендер арасында “Қазақстанның Еңбек Ерлері”, ардагерлер мен әйелдер кеңесі, қоғамдық кеңес, зиялы қауым, азаматтық қоғам өкілдері мен жастар бар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: