Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 06:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Президенттің жаңа жұмыс орнын ашу тапсырмасы Қызылордада 11 айда орындалды

07.12.2023

590 0

Ел Президентінің 10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын құру тапсырмасы 11 айда толық орындалды. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Астана қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

«Халықты жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын ашу –басты міндетіміз. Жыл басынан бері экономиканың барлық саласында 44695 адам жұмыспен қамтылды. Мемлекет басшысының 10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын құру тапсырмасы шеңберінде биыл облыста жоспар бойынша 10651 жұмыс орнын құру көзделсе, қазір 11654 адам жұмыспен қамтылды, яғни, Президент тапсырмасы 11 айда толық орындалды», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Айта кетейік, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,5 пайыз, жалпы жұмыссыздық 4,8 пайыз. Өткен жылмен салыстырғанда жұмыссыздық көрсеткіші төмендеді. Былтыр облыста жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыз, ал жастар арасындағы жұмыссыздық 4 пайыз болған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: