Сейсенбі, 29 сәуiр, 20:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31,2144
29.04.2025
PDF мұрағаты

Қай қалада пәтер арзан?

29.04.2025

130 0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Тұрғын үйдің қайталама нарығында қозғалыс белсенді. Krisha.kz еліміздің 18 қаласындағы пәтер бағасын талдап, нәтижесін ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зерттеу әртүрлі аудандардағы бір бөлмелі (35 шаршы метр), екі бөлмелі (47 шаршы метр) және үш бөлмелі (70 шаршы метр) пәтерлерді қамтиды. Сәуірдің аяқ шенінде еліміздің қайталама нарығындағы бір бөлмелі пәтер 13,6 млн теңгеге, екі бөлмелі пәтер 18,3 млн теңгеге, ал үш бөлмелі пәтер 27,3 млн теңгеге бағаланған. Бұл баға ұсынысының орташа көрсеткіші.

Егер ең арзан нұсқаларды қарастыратын болсақ, онда Қызылорда көш бастап тұр. Қалада пәтер бағасы басқа өңірлерге қарағанда айтарлықтай төмен. Атап көрсетсек, бір бөлмелі пәтер 8,7 млн теңге, екі бөлмелі пәтер 11,7 млн теңге, ал үш бөлмелі пәтер 17,5 млн теңге тұрады. Сондай-ақ баға мүмкіндігінше қолжетімді қалалардың қатарына: Тараз, Ақтөбе, Талдықорған және Көкшетау кіреді. Онда пәтер құны тұрғын үйдің ауданы мен түріне байланысты 10,8 млн теңгеден 22,4 млн теңгеге дейін ауытқиды.

Әдеттегідей Алматы – баспана жөнінен ең қымбат болып қала береді. Мұндағы бір шаршы метрдің орташа бағасы 751 055 теңгені құрайды, бұл жақын бәсекелеске қарағанда 233 000 теңгеге артық. Сәуір айында оңтүстік шаһарда бір бөлмелі пәтер құны 26,3 млн теңге, екі бөлмелі – 35,3 млн теңге, үш бөлмелі – 53 млн теңге болды. Алматы мен Қызылордадағы тұрғын үй бағасының айырмашылығы үш реттен асады, яғни Алматыдағы бір пәтердің бағасына Қызылордада үш пәтер сатып алуға болады екен.

Астанада бір бөлмелі пәтер 18 млн теңге, екі бөлмелі – 24,3 млн теңге, үш бөлмелі – 36,2 млн теңге деңгейінде тұр. Қымбат үштікті бір бөлмелі пәтер үшін 15,8 млн теңгеден және үш бөлмелі пәтер үшін 31,5 млн теңгеге дейінгі бағамен Шымкент түйіндейді.

Нарықтағы өзгерістерге келетін болсақ, ағымдағы жылдың сәуір айында Ақтау, Ақтөбе және Астанада бағалардың сәл төмендеуі байқалады. Дегенмен өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда елде пәтер бағасы орта есеппен 6%-ға өскен.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: