Жұма, 02 қаңтар, 00:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100, (2212)
31.12.2025
PDF мұрағаты

Қайраткерді қос мерекесімен құттықтады

01.01.2026

66 0

Фото: Облыс әкімдігі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, қала әкімі Нұржан Ахатов Қызылорда облысының, қаласының және Қазалы ауданының құрметті азаматы Жарылқасын Шәріповті мерейлі 85 жасқа толуымен және Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.


«Ел ағаларына құрмет көрсету – біздің парызымыз. Сіздердің өмірлік өнегелеріңіз бен тәжірибелеріңізді кейінгі буын үлгі тұтады. Ақыл-кеңестеріңіз бен ақ баталарыңыз арқылы елдің бірлігі мен берекелі тіршілігі үйлесім тауып келеді. Қатар келген қос мерекеңіз құтты болсын! Сізге мықты денсаулық, отбасыңызға бақ-береке тілейміз!» – деді Нұрлыбек Машбекұлы.


Аймақ басшысы мерейтой иесіне дәстүрге сай шапан жауып, сый-құрмет көрсетті.
Жарылқасын Шәріпұлы Ташкент ауыл шаруашылығын ирригациялау және механизациялау институтын бітірген 1963 жылдан Сыр өңірінің өркендеуіне атсалысты. Еңбек жолын өзі туып-өскен Қазалы ауданының Бөзкөл ауылында машина-трактор шеберханасының меңгерушілігінен бастап, Энгельс совхозының, аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас инженері, совхоз директоры, аудандық советтің атқару комитеті төрағасының орынбасары, облыстық агроөнеркәсіп техникасы бірлестігі басшысының орынбасары, басшысы сияқты қызмет сатыларынан өтті.
Кейін Қазалы ауданының, Қызылорда қаласының әкімі болды. Облыстық мәслихат депутаты болып сайланып, мәслихаттың тексеру комиссиясын басқарды. «Еңбек Қызыл ту», «Халықтар достығы», «Құрмет», ІІ дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері.
Жарылқасын Шәріпұлы көрсетілген құрметке алғысын білдіріп, ақ батасын берді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: