«Қайтарылған активтер есебінен 8 млрд. 200 млн. теңгеге 5 мектептің құрылысы қаржыландырылады». Бұл туралы Мұғалімдер күніне арналған салтанатты шарада аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев айтты.

«2022-2024 жылдары сапалы білім беруді қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен 812 млрд. 245 млн. теңге бөлінді. Өткен жылы қаржыландырудың барлық көзінен 31 млрд. 800 млн. теңгеге 13 білім беру ұйымы жаңадан ашылды.Мемлекет басшымыздың бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 54 млрд. 400 млн. теңгеге 10 мектептің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілуде», – деді облыс әкімі.
Айта кетейік, 2023 жылдан бері облыстық бюджет есебінен 5 млрд. 700 млн. теңгеге 2 900 орындық қосымша ғимараттар салынды. Осылайша үш ауысымдық мектептер мәселесі түбегейлі шешімін тапты.

«Білімді қолдау қоры» арқылы 8 млрд. 400 млн. теңгеге физика-математика бағытындағы «Білім-инновация» лицей-интернаты бой көтеріп, ел игілігіне табысталды. Аталған қор есебінен 2 млрд. 333 млн. теңгеге Арал ауданы Мергенсай елді мекенінен 150 орындық заманауи мектептің құрылысы жүруде. Алдағы қараша айында пайдалануға беріледі.

Демеушілер есебінен Арал ауданы Тоқабай ауылындағы апатты мектептің орнына 500 млн. теңгеге жаңадан білім ордасы салынып, салтанатты түрде ашылды.
Президент тапсырмасына сәйкес алдағы үш жылда өңірдегі 51 мектеп күрделі жөндеуден өтеді. Биыл бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 2 млрд. 400 млн. теңге бөлініп, 9 мектеп қайта жаңғыртылды.

Соңғы үш жылда 5 млрд. 300 млн. теңгеге 15 мектептің ғимараты күрделі жөнделді. Ағымдағы жөндеу жұмыстарына 2022 жылдан бері 2 млрд. 600 млн. теңге бөлінді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде апатты жағдайдағы 7 мектептің мәселесі толық шешімін тапты.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!