Жұма, 29 қараша, 15:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Қала бюджеті 31 пайызға өсті

23.12.2023

342 0

Фото: Jjtv.kz

Осы аптада қалалық мәслихаттың сессиясы өтті. Оған депутаттар, қала әкімі орынбасарлары мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, төтенше жағдай және құқық қорғау органдары, қалалық дербес бөлімдер мен мекемелердің басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, қоғамдық ұйымдар, БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібіне қойылған мәселелер бойынша қала әкімі аппаратының басшысы Ж.Абатов, қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Баймаханова, қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы А.Жылқыбай, қалалық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы П.Шамұратов хабарлама жасады.

Жиында қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев қалалық мәслихаттың 2023 жылы атқарған жұмысын баяндады.

– Сессияның VIII шақырылымы өз қызметін биылғы жылдың 30 наурызында бастады. Жыл бойы  мәслихаттың 10 сессиясы өткізіліп, онда 42 мәселе қаралды. Оның 9-ы қалалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері болғанын атап өткен жөн. 2023 жылы қалалық мәслихаттың кезекті сессияларында «Қызылорда қаласында мүгедектігі бар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы», «Қызылорда қаласы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерді орындауы туралы есебі»,  «Қызылорда қалалық төтенше жағдайлар басқармасының қала аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында атқарған жұмыстары туралы» мәселелер қаралды. 2023 жылы мәслихаттың өткізген жиын қорытындысымен 189 ұсыныс беріліп, оның 77-сі орындалған,  42-сі орындалу үстінде, 70-нің орындалу мерзімі бар, – деді мәслихат төрағасы.

Мұнан соң  сөз алған қала әкімі Асылбек Шәменов қаланы дамыту жоспарымен бөлісті.

– Қала бюджеті өткен жылмен салыстырғанда 31 пайызға өсті. Жыл басынан бері экономиканың барлық саласында 15 мың 022 адам жұмыспен қамтылды. Ел президентінің 10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын құру тапсырмасы қала бойынша артығымен орындалды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазан айында өңірімізге жасаған сапарында берген тапсырмасына сәйкес, алдағы үш жыл ішінде кезең-кезеңімен тұрғын үйлерімізге ыстық су берілетін болады. Бүгінде қала бойынша жақсы жағдайдағы жолдың үлесі 90 пайызға жетті.  Қала және оған қарасты кент пен ауылдық округтерде барлығы 278 көше жөндеуден өтсе, оның 78 пайызы шет аймақ пен ауылдардың үлесінде екендігін атап өтуіміз керек. Газбен қамту көрсеткіші 93 пайызды құрап отыр, – деді қала әкімі.

Сессияда жоғары нәтижеге қол жеткізген №22 сайлау округінің депутаты Ақманат Төлегенова, №15 сайлау округінің депутаты Айгүл Мұсабаева, №8 сайлау округінің депутаты Талғат Мақаш, №17 сайлау округінің депутаты Раушан Ысқақова қалалық мәслихат төрағасының дипломымен марапатталды.

Г. АСҚАРҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: