Бүгінде «Қызылорда тазалығы» мекемесі қаланың тазалығын қамтамасыз етуде жүйелі жұмыстарды атқарып келеді. Өткен жылы аталған мекемеге облыс әкімінің қолдауымен 20 дана арнайы техника алынды. Оған облыстық бюджеттен 742,8 млн теңге бөлінді.
Қажетті техникалармен жарақтанған серіктестік қызметкерлері тәулік бойы тазалық шараларын жүргізіп, халықтың ықыласына бөленуде. Шаһар басшысы Асылбек Шаменов қаланы аралау барысында тазалықшылармен кездесіп, қала тазалығына жан берген еңбеккерлердің жұмысына сәттілік тіледі.
Қала әкімі мекеме басшысына тазалық жұмыстарын кезекшілік кестесіне сәйкес толық атқарып, техникалардың үздіксіз жұмыс жасауын және оларды жанар-жағармаймен қамтамасыз етуді, қажетті шараларды үйлестіруді тапсырды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!