Жұма, 15 қараша, 08:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90-2100
12.11.2024
PDF мұрағаты

Қалада үшемдер дүниеге келді

11.10.2023

613 0

 Бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Мирзанова Мая Миранбайқызы дүниеге үшемдер әкелген ананы құттықтады.
  30 жастағы қала тұрғыны Алтынай Байназарова 15 қыркүйек күні облыстық перинаталдық орталығында дүниеге үшемдердi әкелген болатын. Жүктіліктің 34-аптасында дүниеге келген нәрестелер, биыл жарық дүниеге есігін ашқан 2-ші үшемдер.
  Қошқарбаевтар әулетінiң сәбилерi 2180, 2090, 1390 грамм болып туылған. Үшеуі де қыз бала. Ата-әжелері немерелерін Әмина, Медина, Ясина деп атады. 
  Шақалақтар 1 ай бойы перинаталдық орталығының нәрестелер жансақтау, нәрестелер патологиясы бөлімшесінде ем қабылдап, қазіргі таңда жағдайлары тұрақталған соң анасымен бірге бүгін үйлерiне шығарылып отыр. 
 «Ана мен бала орталығының босандыру бөлімшесіне, ота жасайтын және емдеуші дәрігерлерге зор алғысымды білдіремін. Осындай орталықтарда қолайлы жағдай жасағандары, заманауи жабдықтардың болуы, білікті мамандардың жоғары кәсібилігі үшін рахмет. Ақ халаттылардың нәтижелi еңбегінiң арқасында біздің сәбилер толыққанды өмір сүру мүмкіндігін иеленуде» , - деп үшемдер анасы сала мамандарына алғысын білдiрдi 
 Жыл басынан бері облыстық перинаталдық орталығында 8339 нәресте дүниеге келсе, соның ішінде 120-i егіз, үшемдер саны - 2.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: