Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 08:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қалалық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы тағайындалды

05.06.2024

340 0

Облыс әкімінің тапсырмасымен аймақта дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімді моделін қалыптастыру үшін, сондай-ақ туризм саласын дамытудағы бар мүмкіндіктерге қол жеткізу үшін дербес дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімін құру тапсырылған.
Осы ретте, Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының әкімшілік-аумақтық басқару схемасы туралы» 2024 жылғы 20 наурыздағы №392 қаулысымен қалалық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі құрылды.

Осыған орай, бірыңғай конкурстық комиссиясымен конкурс жарияланып, нәтижесімен Есенгелдиев Қайрат Мергентайұлы 5 маусымнан бастап жаңадан құрылған қалалық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Қайрат Мергентайұлы 1985 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін 2006 жылы «Алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2006 жылы Қызылорда облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы ретінде бастаған.
2008-2013 жылдары қалалық №143 мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, №264 мектеп-лицейінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2013-2014 жылдары қалалық спорт бөлімінің маманы жұмыстарын атқарған.
2014-2018 жылдары облыстық «Қайнар», «Қажымұқан» спорт клубтарының, «Орда» әскери-патриоттық спорт клубы директорының орынбасары, атқарушы директоры,
2019-2020 жылдары қалалық білім бөлімінің әдіскері, 2020-2022 жылдары қалалық №268 мектеп-лицейінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, спорт нұсқаушысы қызметтерін атқарды.
2022 жылдан бастап Қызылорда облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының «Ұлттық» және ат спорты түрлері бойынша клубының директоры лауазымын атқарып келді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: