Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 18:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Қара жаулықты шешетін уақыт жетті»: Ләйлә Сұлтанқызына анасы ақ жаулық тақты

07.11.2023

604 0

Белгілі тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің қайтыс болған күнінде құран оқытып, естелік жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жолдасы Қайрат Беркінбаев қоғамдық денсаулық сақтау қайраткері, «Оқ-жетпес» емдеу сауықтыру кешенінің президенті болған. 

“Уақыт, не деген жүйрік едің ағын судай…Бүтін жүректің екіге айрылғанына, қабырғамның қайысып, асқар таудың шағылғанына да бір жыл болды.
Жүректегі сезімді, кеудедегі қобалжуды жеткізу мүмкін емес. Менің жай-күйімді тағдырластарым ғана түсінер… Қайрекеңнің жылдық асын бүгін беру бұйырыпты. Алыс-жақыннан жиналған ағайын-туыс, құрбы-құрдас, әріптестеріміздің қолдауына, көңілдеріне алғыс айтамын. Қамшының сабындай қысқа ғұмырда бір-бірімізбен сыйласып қана өтуді жазсын! Барымызды, бақытымызды бағалайық…”, – деп жазды жеке парақшасына. 

Сонымен қатар журналистің анасы қызына бата беріп, бір жыл бойы таққан қара жаулығын шешті.

“Өзімнің басымнан да бұл дәстүр өтті. Жолдасым қайтқанда әулеттің үлкендері де қара жаулығымды шешіп, ақ орамал салған. Ендігі өмірі ақ болсын, бағы ашылсын, балаларының қызығын көрсін” деген ниетпен жасалатын жоралғы”, – деп түсіндірді анасы. 

Еске салсақ, 57 жасында дүниеден озған Қайрат Шерәліұлы мен Ләйлә Сұлтанқызының Сағадат және Сардар есімді қос ұлы бар. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: