Жексенбі, 21 шiлде, 01:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
#57 – 2067
20.07.2024
PDF мұрағаты

«Қарағандыдағы апат»: 8 адамның жағдайы ауыр

20.07.2024

166 0

Фото: instagram.com/yddcorporation

Қарағанды ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай болып, 8 жұмысшысы әртүрлі дәрежеде жарақат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл ақпарат кәсіпорынның желідегі парақшасында жарияланды.

«20 шілде таңғы сағат 04:10-да YDD Corporation ферроқорытпа зауытында штаттан тыс жағдай болды. № 1 пештен кенеттен жалын шығып, салдарынан кәсіпорынның 8 жұмысшысы әртүрлі дәрежеде жарақат алды.

Қазіргі уақытта зардап шеккен жұмыскерлердің барлығы ауруханаға жеткізілді, оларға шұғыл медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Компания зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетіп жатыр және аурухананың медициналық қызметкерлерімен үнемі байланыста», – дейді YDD Corporation ферроқорытпа зауытының баспасөз қызметі өкілдері.

Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің жағдайы туралы түсініктеме берді.

«2024 жылғы 20 шілдеде Профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға өндірісте алған күйік жарақаттарымен өнеркәсіп кәсіпорнының 8 қызметкері жеткізілді. Зардап шеккендердің алтауы реанимация және қарқынды терапия бөліміне, екеуі комбустология бөліміне жатқызылды. Зардап шеккен бес адамның жағдайы өте ауыр, екеуі ауыр, бір науқас орташа ауыр деп бағаланады. Зардап шеккендерді бейінді мамандар қарады. Қосымша тексерулер жүргізілді. Пациенттер толық көлемді барлық қажетті ем алып жатыр», – деп хабарлады Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында болған факт бойынша ҚР ҚК 156-бабының 2-бөлігі «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу нәтижесінде абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Мән-жайлар анықталып жатыр», – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Сонымен қатар бұл жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылды.

«Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында болған факт бойынша болған оқиғаның себебі мен мән-жайын тексеру үшін Еңбек инспекциясы комиссия құрды», – деп мәлімдеді Еңбек инспекциясы басқармасының баспасөз қызметі.

Қарағандыдағы ферроқорытпа өндірісі YD Corporation ЖШС атымен танылған. Оның құрылтайшылары: Ерлан Нығматулин, Жармұхамед Аппаз және Imperiyumcy Holdings Limited.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: