Сейсенбі, 12 тамыз, 15:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№60,2173
12.08.2025
PDF мұрағаты

«Қарқынды күшейту қажет». Министр әкімдерге ескерту жасады

12.08.2025

54 0

Фото: BAQ.KZ

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында мектеп құрылысы мен жаңарту жұмыстары қалай жүргізілгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда 267 мың орынға арналған 232 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде 1 қыркүйекте 115 мың оқушыға арналған 83 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Жыл соңына дейін тағы 140 мың орындық 111 мектептің құрылысы аяқталады.

Биыл сондай-ақ 190 мың оқушы білім алатын 245 мектепте реновация жұмыстары жүргізілуде. Оның 145-і – ауылдық, 100-і – қалалық мектеп. 1 қыркүйекте 99 мың оқушыға арналған 127 мектепте жаңарту аяқталады.

Бұл жұмыстардың уақытылы әрі сапалы орындалуы әкімдіктердің жауапкершілігінде. Қазіргі таңда Алматы, Атырау және Абай облыстарында қарқынды күшейту қажет, – деді министр.

2025 жылы 69 мыңнан астам оқушы білім алатын 1 мың ауыл мектебін модернизациялау жоспарланған. Қазір бұл жоспардың 73,3%-ы (733 мектеп) орындалды. Алайда Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында жоспардың толық орындалмау қаупі бар.

Биыл 680 мектепке 1 100-ге жуық пәндік кабинет сатып алу көзделген. Қазіргі уақытта 853 мектепке пәндік кабинет жеткізіліп, жоспардың 77,5%-ы орындалды. Алайда Алматы, Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстары мен Астана және Алматы қалаларында бұл бағыттағы жоспардың толық орындалмау тәуекелі байқалады.

Әкімдіктерден тиісті қаражат бөліп, межеленген жұмыстарды жыл соңына дейін толық аяқтауды сұраймыз, – деді Ғани Бейсембаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: