Мемлекет басшысы Қатар Әмірінің «Diwan Amiri» сарайына келді деп хабарлайды aqmeshit-aptalygy.kz ақпарат агенттігі aqorda_resmi telegram-ға сілтеме жасап.
Резиденцияда Қазақстан Президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Қатардың әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Салтанатты рәсімнен кейін екі ел басшылары келіссөз залына өтті.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!