Қазанда қазақстандықтар Республика күніне орай 25-27-сі аралығында үш күн демалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер қазанда 9 күн демалады. Олар Республика күніне байланысты 25, 26, 27 қазанда қатарынан демалысқа шығады.
Ал алты күн жұмыс істейтіндер үшін бір айда 6 демалыс болады. Сондай-ақ 25 қазан – демалыс күні, 26 қазан – жұмыс күні, 27 қазан демалыс.
Республика күні – еліміздің басты және жалғыз ұлттық мерекесі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!