Дүйсенбі, 11 тамыз, 18:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№59,2172
09.08.2025
PDF мұрағаты

Қазақ тазысы халықаралық деңгейдегі жетістікке жетті: Президент айтулы жеңіспен құттықтады

11.08.2025

68 0

Фото: turanews.kz

Хельсинкиде өткен «World Dog Show 2025» дүниежүзілік көрмесінде алғаш рет әлемге ресми түрде таныстырылған қазақ тазысы жүлделі орындарға ие болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев осы қуанышты жаңалыққа орай Қазақстан кинологтер одағына құттықтау жеделхатын жолдады.

Осыған дейін қазақ тазылары Хельсинкидегі Дүниежүзілік иттер көрмесінде әлемге таныстырылғаны туралы жаздық.

Дүниежүзілік іс-шараға Қазақстан делегациясы қатаң талап бойынша іріктелген әрі халықаралық деңгейде өнер көрсетуге барынша үйретілген 8 тазыны апарған. Әлемнің әр түкпірінен келген 25 000 үздік иттің ішінде қазақ тазылары FCI ұйымында тіркелген дербес ит тұқымы ретінде тұңғыш рет жұрт назарына ұсынылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: