Сенбі, 29 наурыз, 15:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№22,2135
29.03.2025
PDF мұрағаты

Қазақстан АҚШ-қа жалға жер беретін болды

26.03.2025

344 0

фото:BAQ.KZ архив

Мәжілістің жалпы отырысында Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин заң жобасын таныстырды. Құжатты депутаттар ратификациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Отырыста депутаттар “Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Алматы қаласында Америка Құрама Штаттарының консулдық мекемесінің үй-жайларын салу үшін Америка Құрама Штаттарының Үкіметіне жер учаскесін жалға беру туралы келісімді ратификациялау туралы” құжатты қарады.

2019 жылғы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 74 сессиясына қатысу қорытындысы бойынша Алматы қаласында АҚШ консульдық мекемесін салу үшін жер беру туралы тапсырма берді. Президент тапсырмасын орындау мақсатында АҚШ үкіметіне жерді жалға беру туралы келісімге Нью-Йоркте 2024 жылы 27 қыркүйекте қол қойылды.

Келісімнің мақсаты – АҚШ үкіметіне 7,05 гектар, нақты айтқанда 70 593 шаршы метрді 49 жылға жалға беру. Жер учаскесі Жамақаев көшесі, әл Фараби даңғылы, Сейфуллин даңғылы, Алдар Көсе көшелері арасында орналасқан, – деді Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин.

АҚШ үкіметі келісім күшіне енген күннен бастап 30 күн ішінде жерді жалдау ақысын біржолғы төлеммен 25 301 016 АҚШ долларын төлейді.

Келісімнің күшіне енуі Қазақстанның саяси және практикалық мүдделеріне сәйкес келеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: