Сейсенбі, 26 тамыз, 18:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№64,2177
26.08.2025
PDF мұрағаты

Қазақстан Конституциясы маңызды пәнге айналуы тиіс — сарапшы пікірі

26.08.2025

47 0

Фото: ҚР Конституциялық Соты

Қазақстан Республикасының Конституциясы маңызды пән ретінде оқытылуы тиіс. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Бүркіт Нұрмағанбетов мәлімдеді, – деп хабарлайды KAZINFORM.

Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл: мықты мемлекет, еркін қоғам, жауапты азамат» тақырыбында өткен сарапшылар кездесуінде сөз сөйлеген Бүркіт Нұрмағанбетов қазақстандықтардың Конституцияға қатысты білімі төмен екенін тілге тиек етті.

– Біз жоғары оқу орындарында сабақ беріп жүрміз. Байқағанымыз — халық Конституцияны білмейді. Себебі оқымайды, зердесіне тоқымайды. Жоғары оқу орындарында қандай мамандыққа маман дайындайтынына қарамастан, Конституция дұрыс оқытылмайды. Өкініштісі, елімізде Конституция жастардың санасына сіңіріліп жатқан жоқ. Ата заң, қағидаларын тек болашақ заңгердің ғана емес, барлық жастардың санасына сіңіруіміз керек, – деді ол баяндамасында.

Саяси ғылымдарының кандидаты Ата Заң маңызды пән ретінде оқытылуы керек деген пікір білдірді.

– Қазақстан Республикасының Конституциясы «Қазақстан халқының тарихы» секілді аса құрметті және маңызды пән болуы тиіс. Сонда ғана біз жастардың бойына мемлекеттік идеологияны да, құндылықтарды да сіңіре аламыз,  – деді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: