Сейсенбі, 06 мамыр, 20:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33, 2146
06.05.2025
PDF мұрағаты

Қазақстанда болмаған рекорд! 52 жастағы спортшы 120 тонналық вагондарды сүйреді

06.05.2025

19 0

Шымкенттік алып күштің иесі Артық Досалиев Қазақстан рекордын жаңартты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

52 жастағы спортшы салмағы 120 тонна болатын вагондарды сүйреп, 21 метр 40 сантиметрге дейін жылжылтты. Алдымен Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі, рельстің деңгейін, жүктің салмағын тексеріп, арақашықтықты өлшеуден өткізді. Рекордтың орнатылғанын растап, сертификатты табыстады.

Артық Досалиев бұл жетістігін Жеңіс күні қарсаңында батыр бабалардың ерлігін ұлықтап, рухына тағзым етуге арнады. Осы нәтижеге жету үшін бір жыл бойы дайындалғанын айтады. Ол спорттың осы түрінен 5 рет әлем чемпионы, 2 дүркін Еуропа және Азия жүлдегері атанған. Сондықтан жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

«Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында осындай рекорд орнатуға ниет етіп, батыр бабаларымыздың рухына тағзым жасадым. Келесі жылы да 6-7-10-20 вогонға дейін сүйреуге ниеттеніп отырмын», – дейді пауэрлифтингтен әлем чемпионы Артық Досалиев.

«Бұрын-соңды Қазақстанда болмаған рекордтың орнатылғанын көріп, куә болып отырмыз. Оның алдында біз жолдың тегістігін тексердік. 21 метр 40 см-ге тартты. Жалпы салмағы – 120 тонна», – дейді Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Бақытжан Тастүлеков.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: