Amanat партиясының төрағасы және мәжіліс спикері Ерлан Қошанов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдауға бағытталған халықтық коалицияның құрылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ерлан Қошанов партияның кезектен съезінде бірнеше ұйымның Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын президент сайлауына ұсынып отырғанын айтты.
«Өздеріңізге белгілі, бізден басқа да бірқатар партиялар мен саяси бірлестіктер президенттікке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын ұсынып отыр. Осы орайда біз сол саяси ұйымдармен бірлесіп, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалиция құру жөнінде келісімге келді», – деп атап өтті ол.
Қошановтың сөзінше, түстен кейін президенттің қатысуымен форум өтеді.
Еске салайық, Amanat партисының кезектен тыс съезі барысында президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынған еді. Қатысушылар бұл ұсынысты бір ауыздан қолдаған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!