Сейсенбі, 26 қараша, 07:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда ұялы байланыс операторларына 3,2 млрд теңге айыппұл салынды

15.01.2024

464 0

Фото: Ulysmedia

Ұялы байланыс операторларына сапасыз байланыс қызметтерін ұсынғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 2023 жылы 782 тексеру жүргізілгенін және 3 млрд 288 млн теңге сомасында айыппұл салынғанын хабарлады.

Кім және қанша төледі

Заңнамада көзделген жеңілдіктерді ескере отырып мобильді операторлар 1 млрд 644 млн теңге төлеген:

Tele2 – 751,4 млн теңге;

Kcell – 563,2 млн теңге;

Beeline – 329,4 млн теңге.

Естеріңізге салсақ, цифрлық даму министрі Бағдат Мусин байланыс сапасы нашар болған кезде байланыс операторлары клиенттерге абоненттік төлемдерін қайтаруды ұсынған болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: