Бейсенбі, 31 қазан, 14:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№86-2096
29.10.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда жоғары өнімді мақта өсіруге кірісті

22.09.2024

276 0

Фото: BAQ.KZ

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы қолдауымен мақтаны селекциялау жұмыстары басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жобаның негізгі мақсаты – елдің әр түрлі топырақ-климаттық зоналарында тұрақты өндірісті қамтамасыз ете алатын бәсекеге қабілетті мақта сорттарын жасау.

24-25 сәуірде селекциялық питомниктерде әрі қарай будандастыру үшін үлгілер мен гибридті комбинациялар салынды. Жобада 33 станциялық үлгі, 26 гибридті комбинация және биологиялық питомниктен 420 үлгі қатысады. Сондай-ақ, М-4011 және М-5027 сорттарының 40 тонна элиталық тұқымын алу жоспарланған.

Ғалымдар жаңа жасалып жатқан орташа талшықты мақта сорттары гектарынан 45-50 центнерден жоғары өнімділік беретінін және 110-117 күннен кейін жинауға болатын ерте пісетіндігін айтады.

Талшық сапасы да таңқаларлық – шығымы 38-40%, талшық ұзындығы 33-34 мм. Кейінгі селекциялық жұмыстар үшін үлгілерді іріктеу жұмыстары басталды.

Бағдарлама қорытындысы бойынша Қазақстан ауыл шаруашылығы сынақтары мен сорттарының мемлекеттік комиссиясына жаңа сорт беріледі.

Вегетация кезеңінде өсімдіктерге тыңайтқыш енгізу, қатараралық өңдеу, зиянкестермен күрес және суаруды қоса алғанда, кешенді күтім жасалды.

Мақтаны жинау қыркүйектің басында басталды. Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы қызметкерлері индоселекциялық үлгілер жоғары өнімділік көрсетіп жатқанын растайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: