Жексенбі, 22 желтоқсан, 23:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстандағы медицина саласында қылмыс көбейген

07.12.2023

1008 0

Фото:Нұрболат Нұржаубай

Қаңтар-қазан аралығында елде 212 медициналық қылмыс тіркелген. Бұл былтырмен салыстырғанда 2,4 пайызға көп, – деп хабарлайды ranking.kz

Мұндай қылмыстық істерде 245 адам жәбірленуші болған. Оның ішінде 31 кәмелетке толмаған бала және 15 зейнеткер бар. 168-і әйел. 

Жас бойынша кәмелетке толғандар арасында медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтардың құрбандары 18-20 жастағы 3 адам, 21-29 жастағы 44 адам, 30-39 жастағы 68 адам, 40-49 жастағы 43 адам, 50-59 жастағы 18 адам және 60 жастан асқан 38 адам болды.

Қазақстандағы медицина саласында қылмыс көбейген

Жас бойынша кәмелетке толғандар арасында медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтардың құрбандары 18-20 жастағы 3 адам, 21-29 жастағы 44 адам, 30-39 жастағы 68 адам, 40-49 жастағы 43 адам, 50-59 жастағы 18 адам және 60 жастан асқан 38 адам болды.

Өңір бойынша медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтардың көбі Астана мен Алматыда тіркелді: әрқайсысында 20 жағдай – өткен жылмен салыстырғанда 11,1 пайызға артық.

Одан кейін Алматы (19 жағдай), Ақтөбе (18 жағдай), Түркістан (17 жағдай) және Қостанай (15 жағдай) облыстары.

Мұндай құқық бұзушылықтардың ең азы Ұлытау (1 жағдай), Маңғыстау (2 жағдай) және Солтүстік Қазақстан (4 жағдай) облыстарында тіркелді.

Қазақстандағы медицина саласында қылмыс көбейген

Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтардың 95,8 пайызы медициналық немесе фармацевтикалық қызметкерлердің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауына байланысты болды. Жыл басынан бері осындай 203 құқық бұзушылық тіркелді – бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 пайыз артық.

Қазақстандағы медицина саласында қылмыс көбейген

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: