Қазақстанның авиациялық әкімшілігі қазақстандық әуе тасымалдаушыларына Йеменнің әуе кеңістігінен ұшпауды ескертті, – деп хабарлайды Massaget.kz.
«Авиация әкімшілігі қазақстандық әуе компанияларына Йеменнің әуе кеңістігінде әуе кемелерімен ұшпау туралы тиісті ұсыныстарды жіберді», – делінген ведомство хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ және Ұлыбритания Йемендегі хуситтердің әскери нысандарына соққы жасағаны хабарланған еді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!