Дүйсенбі, 21 сәуiр, 01:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№28,2141
19.04.2025
PDF мұрағаты

Қазақстандық оқушылар әлемдегі ең ірі робототехника чемпионатында ел намысын қорғайды

20.04.2025

103 0

Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстаннан жеті команда АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін FIRST Championship атты мектеп оқушыларына арналған ең беделді инженерлік жарысқа аттанды. Байқауға қатысушының ең кішісі — небәрі 6 жаста. Бұл туралы Қазақпарат Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Биыл чемпионат 110 елден келген 50 мыңнан астам жас инженер мен өнертапқыштарды біріктірді. 2025 жылғы маусымының тақырыбы — суасты әлемін зерттеу және қорғау.

Биыл Қазақстан бұл байқауға бұрын-соңды болмаған ауқымда — бірден 7 командамен қатысып отыр. Жолдаманың көбеюі – еліміздің мектеп робототехникасының халықаралық беделі артып келе жатқанын көрсетеді.

– Біздің командалар — маусымның басты фавориттері. Қазақстанның қоржынына тағы да жүлделер мен жеңістер қосылады деп үміттенеміз, — деді USTEM Foundation қоғамдық қорының жетекшісі Асылбек Мурзахметов.

Қазақстан құрамасы Орталық Азия чемпионаты — Almaty Tech Cup нәтижесінде іріктелді. Ел атынан қатысып жатқан командалар: 

  • Atlantis — «Сатурн» мектебі, Павлодар қаласы;
  • PID — Назарбаев зияткерлік мектебі, Алматы қаласы;
  • Cristabol — Назарбаев зияткерлік мектебі, Алматы қаласы; Skillset — «Skillset» мектебі, Астана қаласы;
  • JelToqSun және Rasslexx — «Мұрагер» мектебі, Қарағанды қаласы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: