Фото: Н.Нұржаубай
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күніне орай қанша күн демалатыны белгілі болды, – деп хабарлайды Massaget.kz .
Бұл айда 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні атап өтіледі. Биыл Тәуелсіздік күні сенбіге сәйкес келеді. Осыған орай 16, 17, 18 желтоқсан күндері демалыс болады. Яғни демалыс күні дүйсенбіге ауыстырылады.
Осылайша, бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 16-18 желтоқсан аралығында, яғни үш күн қатарынан демалады. Алты күн жұмыс істейтіндер демалыс күндері, тек 16 және 17 желтоқсанда демалады.
Айта кетейік, одан бөлек 30, 31 желтоқсан сенбі және жексенбіге тұспа-тұс келіп тұр. Сонымен қазақстандықтар желтоқсанда жалпы саны 11 күн демалады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!