Ресейлік пропогандист, Russia Today арнасының редакторы Маргарита Симоньян сөзінің арасында Қазақстан туралы арандатушы сөз айтты. Бұл туралы ЭХО радиостанциясы хабарлайды
Маргарита Симонян Ресейде «заңгерлер де, экономистер де» әскерге баруды армандауы керек деп санайды. Оның ойынша сонда ғана елге ешкім қауіп төндіре алмайды.
Сонымен қатар, ол Ресей әскерінің Сириядан шығарылуын дұрыс деп есептемейтінін атап өтті.
«Бізге Украинада, Сирияда (соғысуға) мүмкін бере алғандай, тағы да Қазақстандағы қандай да бір «бармалейлермен» күресуге шақырса [соғысуды], өте бақытты болар едім», – деді пропагандист ЭМПАТИЯ МАНУЧИ хабарына берген сұхбатында.
Симонян айтып отырған “Бармалей” Корней Чуковскийдің доктор Айболит туралы ертегілеріндегі зұлым, тонаушы әрі каннибал кейіпкер. Кремль пропагандисі осы сөзі арқылы Қаңтар оқиғасы кезінде ҰҚШҰ әскерінің Қазақстанға кіргізілуін, “Бармалей” деп билік нұсқасы бойынша “террорист” деп танылғандарды тұспалдап тұрған болуы мүмкін.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!