Сейсенбі, 15 сәуiр, 23:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№27, 2140
15.04.2025
PDF мұрағаты

ҚМДБ имамдардың жалақысын жария етті

14.04.2025

309 0

Фото: istockphoto

Қазақстанда 800-ге жуық дін қызметкері жалақымен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды turkystan.kz ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Діни басқарманың мәліметінше дін қызметкерлері ең төменгі жалақы, яғни 85 мың теңге алып отыр.

ҚМДБ-ның 2021 жылғы кеңейтілген қорытынды мәжілісінде Бас мүфтидің бастамасымен 200 имамға жыл бойы ең төменгі жалақы көлемінде айлық тағайындалған еді. 2023 жылы бұл көрсеткіш 532 дін қызметкеріне өсті, – деп жазылған хабарламада.

Оның ішінде өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын 200 ауыл имамы, үздік 200 медресе шәкірті және 132 медресе ұстазы бар.

Ал қазіргі таңда ҚМДБ ұйымдастыруымен 800-ге жуық дін қызметкері жалақымен қамтамасыз етілуде, – деді ҚМДБ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: