Сейсенбі, 24 желтоқсан, 05:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қоқыстан өнім алу жоспарлануда

13.01.2024

621 0

Сурет: Қызылорда қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шаһар басшысы Серік Қожаниязов қала сыртындағы қоқыс полигонына арнайы барып, ондағы жұмыс процесімен танысты. Аумағы 20 гектарды құрайтын кешенде тәулігіне 200 тоннаға жуық қоқыс сұрыптаудан өтіп, көмілуде. Өткен жылдың өзінде бұл аумақта 73 мың тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдықтар сұрыпталып, залалсыздандырылған. Бұл туралы aqmeshit-aptalygy.kz ақпарат агенттігі Қызылорда қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Полигонның жай-күйімен танысу барысында қала әкімі Серік Салауатұлы: «Полигонға келетін қоқыстарды Экологиялық кодекс талаптарына сай залалсыздандырып, қайталама шикізатты өңдеу арқылы табыс табуды жолға қою қажет. Ынталы кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізіп, полигонды сенімгерлік басқаруға беру керек. Медициналық қалдықтарды да осы жерде залалсыздандыратын шаралар қабылдап, экологияға зиян келмейтін әдістерді қолдану маңызды. Ол үшін өңдеуден өткен қоқыстардың көзін жоятын арнайы пештерді орнату қажет. Ал, ескі қоқыс полигон жерінің құнарлығын қайта қалпына келтіруге жоба-сметалық құжаттамасы әзірленеді»-деді.

Сонымен қатар, қала әкімі «Қызылорда тазалығы» ЖШС директоры Талғат Құлмағанбетовке қатты тұрмыстық қалдықтарды игеру, кәдеге жарату және қайта өңдеуде кешенді шараларды ұтымды үйлестіру қажеттігін және қаланың сол жағалау ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына жерасты қоқыс контейнерлерін қою бойынша ұсыныс жобасын әзірлеуді жүктеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: