Сейсенбі, 13 мамыр, 18:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35,2148
13.05.2025
PDF мұрағаты

«Қорқыт ата» арнайы экономикалық аймағын құру туралы шешім қабылданды

13.05.2025

16 0

2025 жылғы 13 мамырдағы Үкімет отырысында Қызылорда облысында «Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағын (АЭА) құру туралы шешім қабылданды.Мемлекет басшысының халыққа Жолдауынан туындайтын негізгі міндеттердің бірі – аэрохабтарды дамыту, әуежайлардың, автомобиль магистральдарының инфрақұрылымын жетілдіру.

Осы бағытта Қызылорда қаласындағы халықаралық әуежайдың жаңа терминалына іргелес 550 гектар аумақта «Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағы құрылады. Бұл бастама – өңір экономикасын әртараптандыруға, мұнай өндірісіне тәуелділікті төмендетуге және жаңа өндірістік бағыттарды қалыптастыруға бағытталған стратегиялық қадам.АЭА құрылымына авиацияға қызмет көрсету, көтерме-бөлшек сауда, қоймалау және сақтау, сондай-ақ, өнеркәсіптік аймақтары кіреді. Арнайы экономикалық аймақта құрылыс индустриясы, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, машина жасау, көлік-логистика, технологиялар мен инновациялар салаларында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланған.

Атап өту қажет, АЭА құрудың белгіленген қағидаларына сәйкес, 28 экономикалық қызмет түрінің тізбесі келісілді.

«Қорқыт Ата» АЭА құрылуы – инвестиция тартуға, өндірістік қуатты арттыруға және Қызылорда облысының экспорттық әлеуетін дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: