Қостанай облысында Ұзынкөл ауылында екі пәтерлі тұрғын үйде өрт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тілсіз жаумен күресуге жіберілген екі өрт сөндіру есептобының үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт 80 шаршы метр алаңда сөндірілді.
Өрт салдарынан 1968 жылы туған ер адам жеңіл дәрежедегі күйік алып, ауруханаға жатқызылды. Өрт сөндірілді. Басқа зардап шеккендер жоқ, – деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!