Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Үкіметтің кеңейтілген отырысында 2025 жылы инфляция экономиканың негізгі сын-қатері болғанын айтты, – деп хабарлайды KAZINFORM
-Инфляция экономикамыздың негізгі сын-қатеріне айналды. Өткен жылдың қыркүйек айындағы бағалардың 12,9 проценттік максимумнан өтіп, инфляцияны жыл соңына 12,3 процентке дейін баяулаттық, – деген Тимур Сүлейменов әлемдегі бағалардың өсуі мен геосаяси белгісіздік елдегі инфляцияны ушықтырғанын атап өтті.
Сондай-ақ, ол экономиканы бюджет пен квазимемлекеттік сектор арқылы ынталандыру, тұтыну несиесінің өсуі бағаның өсуіне әсер еткен негізгі ішкі факторлар болғанын айтты.
-Инфляцияға коммуналдық тарифтер мен жанар-жағармай бағасының өсуі әсер етті. Қосымша құн салығының көтерілуінен инфляциялық күтулер де өсті, – деді Ұлттық банк басшысы.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
