Сенбі, 15 ақпан, 15:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№12,2125
15.02.2025
PDF мұрағаты

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасарына әуежайдың жаңа терминалы таныстырылды

14.02.2025

94 0

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярды аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев «Қорқыт Ата әуежайының» жаңа терминалының жұмысымен таныстырды.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Абайұлының қатысуымен 2024 жылы 12 қарашада «Қорқыт Ата әуежайының» жаңа терминалы ашылды. Жобаны іске асыруға «Болат Өтемұратов қоры» 16,6 млрд теңге инвестиция салды, жергілікті бюджеттен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға 4,3 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді ,– деді Н.Нәлібаев.

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасарына әуежайдың жаңа терминалы таныстырылды

Әуе айлағының өткізу мүмкіндігі 7 есе, яғни жылына 300 мыңнан 2 млн жолаушыға дейін артты. Жаңа терминал Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) жоғары стандарттарына сәйкес келеді. Бүгінде «Қорқыт Ата әуежайы» арқылы «AirAstana», «Fly Arystan» және «Qazaq Air» әуе компаниялары аптасына 26, атап айтқанда Астана қаласына 16, Алматыға 10 рейс орындауда. Роман Скляр жаңа терминал аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына, сауда-саттық көлемінің өсуіне оң септігін тигізетінін айтты.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: