Жұма, 26 желтоқсан, 17:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№98 (2210)
23.12.2025
PDF мұрағаты

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен 25 желтоқсан күні әуе апатынан қаза тапқан шекарашыларды еске алу мақсатында гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

26.12.2025

52 0


Еске алу шарасына департаменттің жеке құрамы қатысып, қызметтік борышын атқару барысында қаза тапқан әріптестердің рухына тағзым жасады. Жиналғандар ерлікпен қаза болған шекарашыларды бір минут үнсіздікпен еске алып, олардың ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы жанқиярлық қызметін ерекше құрметпен атап өтті.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен 25 желтоқсан күні әуе апатынан қаза тапқан шекарашыларды еске алу мақсатында гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен 25 желтоқсан күні әуе апатынан қаза тапқан шекарашыларды еске алу мақсатында гүл шоқтарын қою рәсімі өтті


Шара барысында департамент бастығы, полковник Г.А. Бекмурзаев сөз сөйлеп, аталған әуе апаты Қазақстан Республикасының Қарулы күштері үшін қаралы күндердің бірі болып қалғанын атап өтті. Ол қаза тапқан шекарашылардың Отан алдындағы адал қызметі мен ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын, олардың жарқын бейнесі әріптестерінің жүрегінде мәңгі сақталатынын жеткізді.
Бұл рәсім – Отан қорғау жолында өз өмірін қиған азаматтардың есімін ұрпақ жадында сақтау, жеке құрам арасында патриоттық рух пен қызметтік жауапкершілікті нығайтуға бағытталған тағылымды шара болды.
Қаза тапқан шекарашылардың ерлігі мен адалдығы шекара қызметінің әрбір қызметкері үшін мәңгілік үлгі болып қала бермек.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен 25 желтоқсан күні әуе апатынан қаза тапқан шекарашыларды еске алу мақсатында гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен 25 желтоқсан күні әуе апатынан қаза тапқан шекарашыларды еске алу мақсатында гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: