Бейсенбі, 18 желтоқсан, 14:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96 (2208)
16.12.2025
PDF мұрағаты

Құрылыс нысандарындағы жұмыстар аймақ басшысының бақылауында

18.12.2025

73 0

Фото: Облыс әкімдігі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте өңірдің құрылыс нысандарындағы жұмыс барысы және коммуналдық қызмет көрсету мәселелері сараланды. Оған қала, аудан әкімдері мен жауапты сала басшылары қатысты.

Құрылыс нысандарындағы жұмыстар аймақ басшысының бақылауында


Аймақ басшысы бірінші кезекте құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстап, нысандарды уақытылы пайдалануға беруді тапсырды.


«Жаңа ғимараттардың өңіріміз үшін маңызы зор. Әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің сапасына, мерзіміне қатысты ешқандай мәселе туындамауы тиіс. Құрал-жабдықтары, жан-жағының абаттандырылуы межелі уақытта толық дайын болуы керек», -деді Н.Нәлібаев.

Құрылыс нысандарындағы жұмыстар аймақ басшысының бақылауында


Жиында жыл соңына дейін ашылатын жаңа нысандардың дайындығы пысықталды. Жақын күндері аймақ басшысының қатысуымен Арал ауданы, Мергенсай ауылдық округінде салынған 150 орындық мектеп пайдалануға беріледі. Мұнан бөлек, аудан орталығында 60 пәтерлік 30 тұрғын үйдің кілттері табысталады. Қамыстыбас ауылдық округіндегі автоматтандырылған газ тарату стансасы ашылады.
Сонымен қатар, Қазалы ауданында да 80 пәтерлік 40 үй пайдалануға беріліп, Сарбұлақ елдімекенін таза ауыз суға қосу рәсімі өтеді.
Сондай-ақ, жиын қорытындысымен өңір басшысы қыс мезгілінде коммуналдық қызметтер үздіксіз әрі сапалы көрсетілуі тиіс екенін ескертті.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: