Сейсенбі, 29 сәуiр, 15:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31,2144
29.04.2025
PDF мұрағаты

Құрылыстың сапасы мен мерзімі басты назарда болуы керек

29.04.2025

122 0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте аудандарда пайдалануға берілген құрылыс нысандарының, жүзеге асырылу сатысындағы жобалардың жай-күйі талқыланды.

Аймақ басшысы жауапты сала басшылары мен аудан әкімдеріне бірқатар тапсырма берді. Атап айтқанда, әлеуметтік маңызы бар нысандарды сапалы әрі кестеге сай мерзімінде аяқтауды, тазалыққа және абаттандыруға қатысты жұмыстардың қарқынын күшейтуді жүктеді.

«Құрылысқа жауапты мердігер мекемелермен ұдайы байланыста болуды тағы да ескертемін. Бірінші әрі басты талап – сапа, сосын жұмысты мерзімінде аяқтау керек. Осыған дейін берілген тапсырмалар бақылаудан, күн тәртібінен түспейді», – деді Н.Нәлібаев.

Сонымен қатар, мәжілісте барлық елді мекенде санитарлық тазалық жұмыстарын үздіксіз жүргізу, абаттандыру және көркейту-көгалдандыруды белсенді қолға алу тапсырылды.@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: