Жұма, 26 желтоқсан, 19:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№98 (2210)
23.12.2025
PDF мұрағаты

Қуанса, бала қуансын

26.12.2025

54 0


Жыл соңы таяп қалды. Ал қаламызда түрлі мекемелер мен салалық бөлімдер, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер өз жұмыстарын қорытындылап жатыр.

Қуанса, бала қуансын

Ұжымдардың кейбірі алдағы мерекені балалармен бірге тойлап, оларды қуантуға кіріскен. Айталық, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік тапсырысымен Жаңа жыл қарсаңында мүгедектігі бар балаларға арналған мереке өтті. Мұндағы мақсат – оларға әлеуметтік көмек көрсетуден бөлек, түрлі шараларға қатыстырып, ортаға бейімдеу, белсенділіктерін арттырып, спорттық, мәдени іс-шараларға ұдайы қатыстыру болатын.
Н.Бекежанов атындағы облыстық Қазақ академиялық музыкалық драма театрында өткен мерекелік шараны «Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы» ҚБ ұйымдастырумен өтті. Бұған 150 бала қатысты.

Қуанса, бала қуансын


– Мерекелік шарамыз екі бөлімнен тұрды. Алғашқысы – «Ғарыш құтқарушылары» атты балаларға арналған жаңа жылдық ертеңгілік. Мұнда балалар ғарышқа сапар шегіп, батыл құтқарушылармен бірге ғаламды зұлым күштерден қорғады. Ал екінші бөлімде театр фойесінде балаларға арналған Жаңа жылдық ойын-сауық өтті. Сыйлықтар мен тәттілер үлестірдік. Балалар үшін қызықты ойындар ұйымдастырылып, түрлі костюмдегі аниматорлар және де Аяз ата мен Ақшақар келді. Олардың қуанышты күлкісі, жаңа жылдық безендірулер мен әсем әуен өзге де келушілерге ұнады, – дейді қоғамдық бірлестік төрағасы Сағатбек Қуанышбайұлы


Оның айтуынша, әр бала – өмір жалғасы, ел болашағы. Ел болашағының жарқын болуы – әрбір отбасының шаңырағын шынайы қуаныш пен жылулыққа, махаббат пен мейірімге толтыратын өскелең ұрпақ қолында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: